Жаңалықтар

29 маусым - 1 шілде аралығындағы ауа райы болжамы

ашық дереккөзі

29 маусым - 1 шілде аралығындағы ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 29 маусым - 1 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөліктер ықпал етеді, онымен қысқамерзімді жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал солтүстік пен орталықта күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстік аумақтарда 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35, оңтүстікте 33-38, оңтүстік-шығыста 28-33, шығыста 17-25 градусқа көтеріледі. Елдің батысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз күн 25-30 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыста – 33-38 градус.