Жаңалықтар

Жеңілмеген қазақ боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

ашық дереккөзі

Жеңілмеген қазақ боксшының келесі қарсыласы белгілі болды

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген Сұлтан Зауырбектің (13-0, 9 KO) келесі қарсыласы анықталды деп хабарлады turkystan.kz. 21 шілде Шотландия астанасы Эдинбургте Сұлтан 28 жастағы испаниялық Джон Картермен (15-0-1, 7 КО) жұдырықтасады деп жазды Vesti.kz. Box.Rec рейтингінде қазақстандық боксшы - 78, ал қарсыласы 230-орында екенін айта кетейік. «Дауыл» лақап атты испаниялық боксшы жекпе-жектерінің бәрін Отанында ғана өткізіпті. 18 наурыздағы айқасында ол төрешілер шешімімен венесуэлалық Дионис Мартинесті (9-44-5, 4 КО) жеңген. Сұлтан Зауырбек қазір IBF рейтингінде 14-орында келеді. WBA нұсқасы бойынша 10-орында. Сондай-ақ WBO European титулына ие. Сұлтан Болтондағы (Англия) бокс кешінде жұдырықтасып, аргентиналық Факундо Арсені нокаутқа түсірген.