Жаңалықтар

Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты

ашық дереккөзі

Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты

Ақтауда 3 баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Сотталушы балтамен және ас үй пышағымен қаруланып, үйге қасақана келіп, үш жас баласын ерекше қатыгездікпен өлтірген. Оның кінәсі қылмыс жасауда жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін мойындаған. «Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмаған балалармен қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», - делінген баспасөз мәліметінде. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.