Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті

ашық дереккөзі

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партия фракциясының жетекшілерімен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуге «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады.