Жаңалықтар

Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды

ашық дереккөзі

Есірткіге қарсы күрес: 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған республикалық акция аясында 2000-нан астам есірткі жарнамасы жойылды деп хабарлады turkystan.kz. Жастар мен жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге құмарлық өршіп барады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында арнайы тоқталып, айтып өтті. Тиісінше Президент атаулы мәселені қолға алып, жою жолдарын қарастыруды тапсырды. Осы орайда, нашақорлықпен күресу және оның алдын-алу мақсатында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты республика бойынша акция ұйымдастырды.