Жаңалықтар

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

ашық дереккөзі

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы анықталып, Сырдария ауданының 48 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 23 маусым күні ҚР ІІМ ЕҚҚІҚД және Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп, Шиелі ауданының Қарғалы ауданынан 70 шақырым жерде ірі есірткі алқабын  анықтады деп жазды Рolisia.kz. Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2377 түбі, жалпы салмағы 3 кг 310 гр кептірілген марихуана анықталды. 2377 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 288 кг 871 гр болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 300-бабының 2–бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.