Жаңалықтар

Мемлекеттік телеарнаның 65 қызметкері баспаналы болды

ашық дереккөзі

Мемлекеттік телеарнаның 65 қызметкері баспаналы болды

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында мемлекеттік телеарнаның 65 қызметкері баспаналы болды. Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

"Президент мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше азаматты баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысының атынан Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында 65 пәтердің кілтін табыстадым.

Марапатталғандардың қатарында журналистер, режиссерлер, монтажерлар, операторлар және басқа да мамандық иелері бар.

Пәтерлер «Дара» Президент бастамаларының қоры атынан берілді.

Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер!" деп жазды ол.