Жаңалықтар

АҚШ ЭКСПО-ға дайын

ашық дереккөзі

АҚШ ЭКСПО-ға дайын

2017 жылға межеленген жобалардың бірі Универсиада абыроймен аяқталды. Алдағы жылдың басты күтері - ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуы. Әлем елдері де бұл көрмені асыға күтуде. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма басшысы Ахметжан Есімов АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері бойынша көмекшісі Ульям Тоддпен кездесті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, басқосу барысында екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін талқылады. Ахметжан Есімов америкалық қонақтарды халықаралық көрмеге дайындық деңгейімен танысырды. Ұлттық компания басшысы 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның көрмеге қатысатындығын ресми растағандығын атап өтті. Павильондарды халықаралық қатысушыларға тапсыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Айталық, халықаралық қатысушылардың 18-і өз павильондарын мазмұндық толтыру жұмыстарына кірісіп кетті. Сонымен қатар, АҚШ делегациясы ЭКСПО-2017 құрылысы алаңы мен ұйымдастырушылар кеңсесінде болды. «Бүгін біз көрменің құрылыс алаңындағы жұмысымен таныстық. Ұйымдастырушылардың ауқымды еңбегінің куәсі болдық. Халықаралық қауымдастықтың көрмеге деген үлкен қызығушылығы байқалады. Сондықтан дүниежүзіндегі технологиялық лидер ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінде абыройлы қатысуы үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді Тодд Ульям. Еске сала кетейік, көрме 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.