Жалақысы ең жоғары футболшы жыл бойы бірде-бір гол соқпаған
Жалақысы ең жоғары футболшы жыл бойы бірде-бір гол соқпаған
Қытайлық «Хэбэй Форчун» клубының аргентиналық шабуылшысы, әлемнің ең жалақысы жоғары футболшысы атанған Эсекиэль Лавесси соңғы жылы бірде-бір гол соққан жоқ.
Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады. 2016 жылғы маусымда Лавесси 2016-Америка Кубогының АҚШ командасы мен аргентиналықтар арасындағы жартылай финалдық ойынында қолын сындырып алған және Қытайға оралған кезде «Хэбэй Форчун» негізгі құрамындағы орнынан айырылып қалды. Осы уақыт ішінде команда сапында ол 10 ойын ғана өткізіп, бір рет те гол соқпаған. Лавесси аптасына 577 мың еуро (620 мың доллар) алады, яғни, әлемдегі ең жалақысы көп футболшы. Ол француздық «Пари-Сен Жерменнен» Қытайға ауысып, 2016 жылғы 12 ақпанда «Хэбэй Форчунмен» келісімшартқа қол қойған болатын.