Жаңалықтар

Депутат Теміртаудағы жылу беретін орталықтың жағдайын сынға алды

ашық дереккөзі

Депутат Теміртаудағы жылу беретін орталықтың жағдайын сынға алды

Теміртау қаласында «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында Қарағанды облысындағы жер беру, құрылыс салуда кеткен олқылықтар ғана емес алдағы қысқа дайындық туралы сөз болды. Кеңес мүшелері қатысқан отырысқа Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов, «AMANAT» партиясының жергілікті мүшелері және де басқа жауапты тұлғалар қатысты. Жиынға мәжіліс депутаттары мен аудан әкімдері онлайн түрде қосылды. Кеңес төрағасының орынбасары Дидар Смағұлов аталған кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кеңес мүшелері мен Қарағанды облыстық филиалы, облыстық прокуратура қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобының 12-20 маусым аралығында 2020-2022 жылдар және биылғы жылдың 5 айындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты зертеуіне тоқталды. – Көрсетілген кемшіліктер бойынша жұмыстар істелінеді. Заңсыз құрылыс, үлескерлік және басқа мәселелер бойынша ешбір жұмыс жасалмай жатыр деп айта алмаймын. Бәрі біздің қадағалауымызда. Бірнеше заңсыз құрылыс жүргізушілерге сот арқылы айыппұл салынды. Бұрын айыппұл 1 милион теңге ғана болса, енді 10 миллион теңге. Бұл әр кәсіпкерді ойландырады. Құрылыс жүргізушілер есеп беріп отырады, – деді облыс әкімі. [caption id="attachment_226459" align="alignnone" width="2048"]