Жаңалықтар

Мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

ашық дереккөзі

Мамандандырылған ХҚКО-лар күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Шетелдік автокөліктерді заңдастырып үлгеру үшін арнайы ХҚКО-лар күшейтілген режимге көшті деп хабарлады turkystan.kz. Заңдастырудың аяқталуына 10 күннен аз уақыт қалды. Осыған байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар және әкімшілік Полиция басқармаларының процессингтік орталықтары күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Олар дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 20.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 19.30-ға дейін жұмыс істейді. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.