«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды
Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Астана» Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасымен кездесетін болды.
Бірінші ойынды елордалық клуб өз алаңында 11/12 шілдеде өткізеді. Сырт алаңдағы қарымта кездесу 18/19 шілдеге жоспарланған.
«Динамо» - Грузияның 19 дүркін чемпионы. 1981 жылы UEFA кубок иелерінің кубогында жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, «Астана» 2015/16 жылы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.