AMANAT-тың атсалысуымен Кентаудағы №5-ЖЭО-ны жөндеуге 13,7 млрд теңге бөлінеді
AMANAT-тың атсалысуымен Кентаудағы №5-ЖЭО-ны жөндеуге 13,7 млрд теңге бөлінеді
«AMANAT» партиясы ел аумағындағы ТКШ-инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмысына кірісті. Атап айтқанда, Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығын қайта жаңартуға партиялықтардың атсалысуымен бюджеттен 13,7 млрд теңге бөлінеді.
Кентау қаласындағы №5 жылу электр орталығы сонау 1952 жылы бой көтерген еді. Осы жылдар аралығында желілердің тозығы жетіп, қаусап тұрған жайы бар. ЖЭО-ны қайта құру мәселесі «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына енгізілді.
«Жоғарғы қабаттарда қысым жоқ. Соның салдарынан тұрғындар ыстық суға қол жеткізе алмай отыр. Құбыр жарылып, жылу жоғалтып жатамыз. Сондықтан 81 шақырым желіні ауыстыру жөнінде шешім қабылдадық», – деді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Ысқақов.
Сондай-ақ, биыл 1 қыркүйекке дейін сорғы стансаларын жаңғырту жұмысы жүргізіліп, 6,6 шақырым магистральдық құбыр ауыстырылады. Жалпы, ЖЭО басшылары алдағы жылу берумаусымында Кентау қаласының тұрғындары жылумәселесімен бетпе-бет келмейді деп сендірді.