Ауылдан-Арманға: Астанада 800-ден астам дарынды оқушы бас қосты
Ауылдан-Арманға: Астанада 800-ден астам дарынды оқушы бас қосты
Астанада Қазақстанның 166 өңірінен 824 дарынды оқушыны жинайтын IQanat республикалық олимпиадасының финалының ашылуы өтеді. Бұл олимпиада алтыншы жыл қатарынан өткізіліп, осы жылдар ішінде 160 мыңнан астам ауыл оқушысын қамтыды.
2022-2023 оқу жылының олимпиадасы 8-сынып ауыл оқушылары арасында 3 кезеңде өткізілді. 2022 жылғы 31 қазан мен 17 қараша аралығындағы 1-кезеңге еліміздің ауыл мектептерінен 37 692 оқушы, 17-22 наурыз аралығында өткен 2-кезеңге 7,7 мыңнан астам бала қатысты.
Іріктеуден басқа, балалар білім беру модульдері мен жеке тұлғалық даму жайында тренингтерінен өтеді. Қазақстандық кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, саяси элита өкілдері мотивациялық сөз сөйлеп, ынталандырады.
IQanat – бұл ауыл оқушыларын қолдауға және сапалы білім алуға беруге бағытталған қазақстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік және білім беру жобасы.
«Сіздер қазірдің өзінде жеңімпазсыздар. Астанада өз мектебіңіздің, ауылыңыздың, отбасыңыздың атынан шығып отырсыз. Келгеннен кейін достарыңыз бен туыстарыңызға жақсы болуға тырысудың қаншалықты маңызды екенін жеткізе алатыныңызға сенімдіміз. Білім алып, өз-өзіне сену керек. Осылайша кішкентай Отаныңа көмектесуді бастайсыз. Барлықтарыңызға сәттілік және IQanat отбасына қош келдіңіздер!», - деді жобаның сенімді өкілі Нұрасыл Жарбасов