Жаңалықтар

Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды

ашық дереккөзі

Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды

Түрікменстанның қазіргі басшысы Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстан президенті болып қайта сайланды, — деп хабарлайды РИА Новости Орталық сайлау комитетінің алдын ала мәліметтеріне сілтеме жасап. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Гурбанғұлы Бердімұхамедов сайлауда 97,69 пайыз дауыс жинаған. Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші кезеңге Түркіменстан президенті болып қайта сайланды. Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 12 ақпанда өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша Бердімұхамедов сайлаушылардың 97,69 пайызын жинаған. Ресми мәліметке қарағанда, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 97 пайызы қатысқан. Бердімұхамедов елді енді жеті жыл басқарады. Азаттық радиосының түркімен қызметі жексенбі күні сайлау учаскелерінде сайлаушылар белсенділігі төмен деп хабарлаған. 12 ақпанда өткен президент сайлауына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) атынан алты халықаралық бақылаушы қатысқан. ЕҚЫҰ Түркіменстандағы сайлауды таза және әділетті өтті деп ешқашан айтқан емес. Бердімұхамедов 2007 жылы президент болды. 2016 жылдың қыркүйек айында қабылданған жаңа Конституцияда мемлекет басшысы өкілеті 5 жылдан 7 жылға ұзарды. Онда сонымен бірге президенттік сайлауға түсуге жас өлшемін алып тастаған. Түркіменстан табиғи газдың көптігі жағынан әлемде төртінші орында. Бұл ел Ресейге, Қытайға және Иранға газ экспорттайды. БҰҰ мәліметі бойынша, Совет одағының құрамында болған елдің халқы кедейшілікте өмір сүреді. Құқық қорғаушылар Бердімұхамедовті адам құқықтарын бұзып отыр, оппозиция мен сөз бостандығын тұншықтырып келеді деп айыптайды.