Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңді (ВИДЕО)

19 маусым, 2023 / Эльмира Ағабек
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңді (ВИДЕО) Футболдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландияны жеңді деп хабарлады turkystan.kz. Белфастта өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды. Тыңнан ойынға қосылған Абат Айымбетов кездесудің 88-минутында қарсыластың бірнеше ойыншысын алдап өтіп, жеңіс голын соқты. Осылайша, 1:0 есебімен Қазақстан тарихта тұңғыш рет Солтүстік Ирландияны жеңді. Қазақстан келесі кездесуін 7 қыркүйекте өз алаңында Финляндияға қарсы өткізеді.