Қызылордада егіз сәбиін сатқан әйел ұсталды
Қызылордада егіз сәбиін сатқан әйел ұсталды
Қызылорда облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 2023 жылы туған сәбилерін сатқан 44 жастағы облыс тұрғынын анықтады деп хабарлады turkystan.kz POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
ҚР ҚК-тің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.