Тарихта қалған ең ірі банк тонау фактілері
Тарихта қалған ең ірі банк тонау фактілері
Талай фильмнің сюжетіне арқау болған банк тонау фактілері шынайы өмірде болғанын бірі білсе, бірі білмейді. Сіздердің назарларыңызға ең ірі 5 оқиғаны ұсынамыз.
Ирландия банкі
2009 жылдың ақпанында Дублинде орналасқан Ирландия банкі тоналды. Қарақшылар тобында әріптесін банк қоймасынан 9 миллион еуро шығаруға мәжбүр еткен банк қызметкерлері болған. Ол үшін оның қызын кепілге алған. Кейінірек тонауға қатысы бар деген 7 адам қамауға алынды.
Ирактағы Орталық банк
2003 жылы 6 мамырда The New York Times Ирак соғысы басталардан бірнеше күн бұрын елдің Орталық банкінен 1 миллиард доллар қолма-қол ақша ұрланғанын хабарлады. Мұны кейінірек АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі растады.
Баспасөздің мәліметінше, тақтан тайдырылған президенттің ұлы Кусей Хусейн кеңесшімен бірге банкке 18 наурызда таңғы сағат 4-те барып, 900 миллион доллар және 100 миллион еуроны беруді талап еткен. Қомақты қаражатты алып, екі сағат ішінде үш жүк көлігіне тиеп, белгісіз бағытта кетіп қалған.
Әлемдік баспасөз бұл оқиғаны «тарихтағы ең ірі банк тонау» деп атады. Кейінірек Саддам Хусейн сарайларының бірінен ірі көлемде ақша табылған. Оның ішінде 650 миллион доллар қолма-қол ақша да бар. Бірақ бұл орталық банктің ақшасы екендігі дәлелденбеді.