Жаңалықтар

Адамның дене бөлшектерін сатқан: мәйітхана басшысының қорқынышты «бизнесі»

ашық дереккөзі

Адамның дене бөлшектерін сатқан: мәйітхана басшысының қорқынышты «бизнесі»

АҚШ-та Гарвард медициналық мектебі мәйітханасының басшысы Седрик Лоджге жеке тұлғаларға мәйіт бөліктерін сатты деген айып тағылды. Ер адам осы қорқынышты «бизнесі» арқылы 37 мың доллардан астам табыс тапқан. Тurkystan.kz  бұл туралы Time агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Лодж қалталы сатып алушыларды мәйітханаға ертіп әкеліп, дене бөлшектерін таңдауға рұқсат берген. Содан кейін Нью-Хэмпширдегі үйіне апарып, төлем жасағаннан кейін оны адамдарға тапсырған. Осы қылмыстық схема бойынша оның әйелі де айыпталып отыр. Тергеу барысында Лодждан дене бөлшектерін сатып алған бірнеше адам анықталды. Соның бірі – Массачусетс штатындағы Салем қаласының тұрғыны  Катрина Маклин. Ол «Kat's Creepy Creations» деп аталатын студияны басқарады: қорқынышты қуыршақтар жасайды. Прокуратураның мәліметі бойынша, Маклин 2020 жылдың қазан айында мәйітхана менеджерінен 600 долларға екі мәйіттің бетін сатып алуға келіскен. [caption id="attachment_226066" align="alignnone" width="1209"]