Астана тұрғындарына далаға шықпауға кеңес берілді
Астана тұрғындарына далаға шықпауға кеңес берілді
Астана қаласының қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Осыған байланысты қаланың қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге еш себепсіз шықпауға, пәтердің терезелерін ашпауға, көшеде бетперде тағып жүруге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер алдын ала болжам бойынша 15 гектар аумақта өртті сөндіру жұмысын жүргізуде», - делінген хабарламада.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, өртті сөндіру үшін жеке құрамның 140 адамы және 40-қа жуық техника жұмылдырылған.