Қостанай тұқымы жылқылары арасында кезекті бәйге өтті

19 маусым, 2023 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Қостанай тұқымы жылқылары арасында кезекті бәйге өтті 18 маусым күні Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті. Жарыстың негізгі мақсаты – жалғыз Қазақстандық зауыттық жылқы тұқымы – Қостанай тұқымын қолдау және дамыту. Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәйгеге 41 жылқы қатысты. Жарыста ұшқыр, құнан, аламан бәйге бойынша сайысқа түсті. Ұшқыр бәйге 1200 м: Ұшқыр бәйге 2000 м: Құнан бәйге 7000 м: Аламан бәйге 20 000 м: Айта кетейік, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал серіктесі – «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылды.