Жаңалықтар

Сергей Пономарев: «Арселор Миттал Теміртау» – иісі қолқаны қабатын асыл тас

ашық дереккөзі

Сергей Пономарев: «Арселор Миттал Теміртау» – иісі қолқаны қабатын асыл тас

Арал теңізін құтқару, жасыл желек отырғызу, ауа сапасын жақсарту және полигондарды жою. «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің кезекті отырысында қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты сайлауалды уәделердің орындалу барысы талқыланды. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Бекмағамбетов Кеңес мүшелерін партияның экология саласындағы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. «Табиғатты қорғау іс-шаралары жыл сайын орындалмайды. Екі жылу-электр орталығының да жағдайы нашар. Бұған қоса, қала тұрғындары бес жыл қатарынан жылу тапшылығын сезініп отыр. Тұрғын үйлерге толыққанды жылу берілмейді. Жылыту маусымындағы апаттар мен ыстық судың жүйелі түрде берілмеуі теміртаулықтар үшін әдетті жағдайға айналды», – деді Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бауржан Смағұлов. Осы айда Мәжілістегі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті Теміртау қаласында кеңейтілген көшпелі отырыс өткізген еді. Бұл ретте, Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев «Арселор Миттал» компаниясы шығарындыны азайту жөніндегі міндеттемені орындамай отырғанын алға тартты. «Экологиялық кодексте қалдықтарды қайта өңдеуші кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру туралы норма бар. «Жасыл даму» бұл қаражатты екінші деңгейдегі банктер арқылы беруді көздеп отыр. Біз бұған түбегейлі қарсымыз. Себебі «Жасыл даму» қаражатты оларға 1% жылдық мөлшерлемемен бөлсе, банктер оған 5-6% қосады. Ақыр-соңында бұл қаражатты біз 7-8% жылдық мөлшерлемемен аламыз. Аталған сала үшін бұл өте көп пайыздық мөлшерлеме. Сонымен қатар, қоқыс шығару тарифі енді ғана жоғарылай бастады. Бизнестің тиімділігі енді-енді сезілуде. «Жасыл дамумен» делдалсыз жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұраймыз. Олар үшін штат санын ұлғайтып, лицензия алудан гөрі жауапкершілікті банктерге арта салған жеңіл болып отыр», – деді ол. Кеңес төрағасы Мәжіліс депутаттары қалдықтарды қайта өңдеушілерге банктер арқылы қаржы бөлуге қарсы екенін атап өтіп, балама қаржы операторын табуды ұсынды. Ал Кеңес мүшесі Дархан Сариев жасыл желектерді күтіп ұстау ережелеріне бірқатар түзету енгізу туралы ұсыныс жасады. Атап айтқанда, ол елді мекендерді көгалдандыру жұмысын жақсартуға және құрылымдауға мүмкіндік беретін тұжырымдамалық аппаратты тіркеуді ұсынды.