100-ден астам адам қаза тапқан: әлемде не болып жатыр?
100-ден астам адам қаза тапқан: әлемде не болып жатыр?
Маусым айында әлем елдерінің біразы табиғи апаттан зардап шекті. Ай әлі біткен жоқ, десе де 6 мемлекетте табиғи апат болып үлгерді. Оқиға салдарынан 100-ден астам адам қаза тапқан. Turkystan.kz тілшісі 19 күнде болған табиғи апаттарға шолу жасайды.
Қытай – тау опырылуы
[caption id="attachment_226035" align="alignnone" width="1920"] Фото: Richard Pierrin/AFP/Getty Image[/caption] 3-4 маусымда Гаитиде нөсер жауын салдарынан мыңдаған үй су астында қалды, 42 адам қаза тауып, 85-і жарақат алды. БҰҰ-ның ақпаратынша, қатты жаңбырдан соң Гаитиде бірнеше өзен арнасынан шығып, бұл өз кезегінде су тасқынына, тас және лай көшкініне әкеліп соққан. Су тасқыны салдарынан 13 300-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Гаитидегі 10 департаменттің бесеуінде: Батыс, Ниппес, Оңтүстік-Шығыс, Солтүстік-батыс және Орталықта тағы 11 адам із-түзсіз жоғалды.Гаити – жер сілкінісі
Фото: GETTY IMAGES[/caption] Маусым айында Канадада 414 орман өрті орын алған, олардың 239-ы бақылаудан шығып кетті. 20 мыңнан астам адам өз үйлерінен эвакуацияланды. Квебектің өзінде ғана 150-ден астам белсенді өрт ошағы бар, бұл ретте жергілікті өрт сөндірушілердің бір уақытта 40-тан аспайтын өрт ошағымен күрес жүргізу мүмкіндігі бар. Өрт салдарынан АҚШ қалалары – Нью-Йорк, Вашингтон және басқаларында тұмша байқалды. АҚШ солтүстіктегі көршісіне жедел жәрдем жіберуде. Квебектен басқа, Британдық Колумбия, Альберта, Онтарио, Жаңа Шотландия және солтүстік-батыс аумақтарында 3,3 млн га алқапта орманды жер өртенді.Қазақстан – орман өрті
Фото: AP Photo/Farah Abdi Warsameh[/caption] Сомали ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 9 маусымда Сомалидің Төменгі Шабелле аймағында ескі бомбаның қалдықтары жарылып, кем дегенде 27 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі – балалар. SONA агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан кемінде 53 адам жараланған. Анадолы агенттігі хабарлағандай, жергілікті билік өкілі жарылыстың балалар ойнап жүрген саябақта болғанын мәлімдеген. Билік жарылысқа «Аш-Шабаб» террористік ұйымы жауапты деп санайды. «Аш-Шабаб» содырлары өз кезегінде Африка одағы бітімгершілік миссиясының сарбазы тастап кеткен қол гранатасы жарылғанын айтты.Непал – су тасқыны