Жаңалықтар

Шығыс Қазақстандағы орман өрті толық сөндірілді

ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстандағы орман өрті толық сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өрті толықтай сөндірілді деп хабарлады turkystan.kz ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, өрт 17 маусымда Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) жетуі қиын таулы жерде шыққан. Қызыл жалын шөп пен бұталарды шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау кеше сағат 14.00 шамасында оқшауланды. «19 маусым сағат 12.00-де өрт толықтай сөндірілді. Жалынның жалпы ауданы 15 гектарды құрады», - делінген ақпаратта.