Астана маңында өрт шықты (ВИДЕО)
Астанада қураған ағаш өртеніп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қураған ағаштың өртеніп жатқаны жайлы хабарлама өрт сөндірушілерге бүгін сағат 09:12-де түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, Қорғалжың тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта жеке құрамның 15 маманы мен 3 техникасы өртті сөндіріп жатыр», - делінген хабарламада.