Жаңалықтар

Қарулы ер адам тұрғындарды тұтқында ұстап отыр: Kaspi банк мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

Қарулы ер адам тұрғындарды тұтқында ұстап отыр: Kaspi банк мәлімдеме жасады

Астанада Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Осы оқиғаға қатысты банк ақпарат берді деп хабарлады turkystan.kz. Банк мәліметі бойынша, қазір бөлімшеде тек банк қызметкерлері бар, клиенттер жоқ. «Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», - делінген хабарламада. Қазір оқиға орнына арнайы жасақ келді.