Жаңалықтар

АҚШ-тағы ең биік тоғанның бұзылу қаупі күшейді

ашық дереккөзі

АҚШ-тағы ең биік тоғанның бұзылу қаупі күшейді

Оровилл қаласындағы АҚШ-тың ең биік тоғанның бұзылуы қаупіне  байланысты  эвакуация жарияланды. Кем дегенде 90 мың тұрғыны бар елді мекендерге қауіп төніп тұр. Бұл туралы Батте округінің шерифі өзінің Фэйсбуктағы парақшасында хабарлады. Шерифтің айтуынша, апатты жағдай орын алар болса, Оровилл көлінің суы  жолындағының бәрін астан-кестен етуі мүмкін. Көлдегі су көлемі 4,3 млрд текше метр деп бағаланып отыр. Салыстыру  үшін айтар болсақ, Татарстандағы Нижнекаменский су қоймасындағы су көлемі 2,9 текше метр. Тоғанның опырылуына жол бермеу үшін қазірдің өзінде су қашырту  минутына 100 мың текше футқа (2,8 мың текше метр) дейін күшейтілді. Бұған дейін негізгі су ағытқыштың бұзылу қаупі туған еді. Оровилл көлінің қосалқы су ағытқышы  бір сағат ішінде бұзылуы ықтимал. Бұлай болған жағдайда көл суы Калифорнияның солтүстік бөлігін шайып кетуі ғажап емес. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің дерегінше, Оровилл қаласында 16 мыңға жуық адам тұрады. Жергілікті биліктің нұсқауы бойынша олар Оровиллдың солтүстігіндегі Чико қаласына немесе өзге қалаларға көшуі тиіс.