Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президент бүкіл түркі дүниесіне танымал ғұлама Қожа Ахмет Ясауидың және осында жерленген тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.