Жаңалықтар

Бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды

ашық дереккөзі

Бүйірінде «Алла» және «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды

Жуырда Қазалы қаласында тұратын Азамат Нұрмахановтың шаңырағында тосын оқиға орын алды. Бір бүйірінде «Алла», бір бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозы туды. Бұл жөнінде Baq.kz хабарлады. 

«Кешқұрым мал өрістен қайтқан соң қораға кірсем, буаз аналық қой қоздағалы жатыр екен. Бұл қалыпты жағдай болған соң, еш алаңдамастан үйге кіріп кеттім. Таңға жуық қораға келсем, мал төлдеп, қозы туыпты», – дейді Азамат Еділұлы.  Жаңа туған қозының денесіндегі ақ белгіні байқаған ол таңғажайып жазуды бірден Қазалы қаласындағы «Жиеналы Ахун» мешітінің имамы Болатбек Наурызбековке көрсеткен. Имам қозының үстіндегі «Алла және Мұхаммед» деген жазуларды оқыпты.  «Бұл жағдай Алла Тағаланың бір, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) хақ, Құран кәрімнің шын екенін айғақтайды. Бір бүйірінде «Алла», екінші бүйірінде «Мұхаммед» деген жазуы бар қозының Қызылорда облысында алғаш рет қасиетті Қазалы жерінде тууы кездейсоқтық емес. Бұл топырақ киелі жер. Кезінде бұл жерде жүз мешіт болған», – деп Ғабдулла Ізат Ү.Түктібаев ауылындағы «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы бұл таңғажайып оқиғаны жақсылыққа жорыды. Таңғажайып қозыны көру үшін Нұрмахановтардың үйіне келгендердің қарасы көп болды.