Жасанды интеллект ең қауіпті бактерияға қарсы дәрі табуға көмектесті
Жасанды интеллект ең қауіпті бактерияға қарсы дәрі табуға көмектесті
Ғалымдар жасанды интеллекттің көмегімен планетадағы ең қауіпті бактерияның бірін тиімді бейтараптандыруға қабілетті антибиотикті тапты. Тurkystan.kz бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Канада мен АҚШ ғалымдары жетілдірілген жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы микробқа қарсы күресте үлкен жетістікке қол жеткізді.
Зерттеу барысында олар ең қауіпті бактерияның бірі, жара инфекциясы мен пневмонияны тудыратын Acinetobacter baumannii-ге назар аударды. Бактерияның бұл түрін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ең қауіпті үш «супербактерияның» бірі деп есептейді.
Acinetobacter baumannii көптеген антибиотикке төзімді келеді. Сондықтан ауруханалар мен қарттар үйлерінде айтарлықтай проблема пайда болып жатыр. Сонымен қатар бұл бактериялар медициналық жабдықтарда өмір сүре алады.
Жасанды интеллекттің көмегімен ғалымдар химиялық заттарды дұрыс таңдай алды. Осы зерттеудің нәтижесінде абауцин деп аталатын күшті эксперименттік антибиотик анықталды. Дегенмен, оны іс жүзінде қолданбас бұрын, қосымша сынақтар мен тексерулер қажет.
Жасанды интеллект жаңа антибиотикті табуға қалай көмектесті?
Макмастер университетінің ғалымы, доктор Джонатан Стоукс Acinetobacter baumannii-ді «Қоғамның бірінші нөмірлі жауы» деп атады. Өйткені ол барлық дерлік антибиотикке төзімді.
[caption id="attachment_225915" align="alignnone" width="1210"]