Жаңалықтар

Медреседе балаларды сабаған ұстаздың кім екені белгілі болды

ашық дереккөзі

Медреседе балаларды сабаған ұстаздың кім екені белгілі болды

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі медресенің ұстаздары кәмелетке толмаған балаларды «хадис» білмегені үшін ұрып-соққаны туралы видео тарады деп хабарлады turkystan.kz. «Құрметті азаматтар, тиісті мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері медресеге алып барып, оларды ұрған. «Хадистерді» білмеген үшін оларды ұрған», - дейді видеодағы азамат. Видеодағы екі бала 9 және 7 жаста. Олар Шымкенттегі медресе үйде орналасқанын айтады. «Үйде дін сабақтарын береді. Ұстаздың аты – Рүстем», - дейді олар. Балалардың арқасы көгеріп, тілінген және гематомалары бар.