Жаңалықтар

Топ жарған таланттар

ашық дереккөзі

Топ жарған таланттар

Елімізде өнертапқыш балалар саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың ғылымды, инновацияны да­мытуға деген қызығушылығы жоғары. Талантты оқу­шы­лардың инновациялық жобалары әлемдік байқаулардан да топ жарып жүр. Биыл ақпан айында «Дарын» республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығы мен Ustem robotics қоры еліміздің аймақтарынан және көршілес Қырғыз Республикасы, Өзбекстаннан 1200 оқушы қатысқан Central Asia first Championship халықаралық чемпионатын ұйымдастырған болатын. Жарыс үш жас санаты First lego league Explore (6-10 жас), First lego League Challenge (10-16 жас), First tech Challenge (12-18 жас) бойынша өткізілді. Биылғы маусым энергия та­қырыбына арналды. Балалар роботтарды бағдарла­ма­лап құрас­тыру­мен қатар, ин­­но­вациялық жобада жұмыс істей оты­рып энергия саласының өзекті мә­се­ле­леріне инженерлік шешім­дер шығарды. Жа­рыста оза шап­қан 9 команда АҚШ, Үнді­стан, Ауст­ралия, Мароккода өтетін дү­ние­жү­зілік чемпионаттарға жол­дама алды. Соның бі­рі Шымкент қа­лалық химия-биология бағы­тын­дағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің Clutch командасы элек­тр энергиясын өндейтін ро­бот жасап, І-орынды иеленді. Осы­­лай­ша, олар дүниежүзі бойын­ша АҚШ-та өтетін ро­бо­то­тех­ника­ның халықаралық чем­пионатына жол­дама алған бола­тын.