Жаңалықтар

Алматыдағы перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді

ашық дереккөзі

Алматыдағы перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді

Алматыдағы перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz. 32 жастағы Мейрамгүл Сейілханова үшемді 30 мамырда дүниеге алып келген. Ол екі қыз, бір ұлды кесарь тілігі арқылы босанған. Перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, балалар жаңа туғанда өте әлсіз болған. Олар екі апта дәрігерлердің бақылауында болып, кеше орталықтан үйлеріне шығарылды. Қазіргі таңда балалардың жағдайы жақсы. Оларға ата-анасы Амира, Аниса және Айдын деген есімдер берген. Айта кетсек, үшемді қосқанда Мейрамгүл Сейілханова бүгінде жеті баланың анасы.