Жаңалықтар

Көкшетауда жамбы ату мен теңге ілуден ел чемпионаты басталды

ашық дереккөзі

Көкшетауда жамбы ату мен теңге ілуден ел чемпионаты басталды

Бүгін Көкшетау қаласында жамбы ату мен теңге ілуден жасөспірімдер, жастар, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ат үстіндегі мергендердің біріншілігіне еліміздің 15 өңірінен 100-ге жуық жамбышы, 65 теңге ілуші келді. Оның ішінде, жамбы атудан Әлем чемпионы Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Абзал Тұлыбековтер де бар. Жамбышылар «қазақ», «түрік», «корей» стильдері бойынша мергендіктерін сынайтын болады. Теңге ілудің халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғалымжан Ізжанов та осы жарыста бағын сынайтын болады. Жарыстың салтанатты ашылуына ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев, республикалық Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов арнайы келіп қатысты. Жарыстың бас демеушілері – «Alageum Electric» және  «AlemAgro Holding» компаниялары екі спорт түрі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 7 000 000 теңге көлемінде жүлде қарастырған. Ал турнирдің бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры.