Жаңалықтар

Алдағы демалыста көріңіз: ТОП-5 дорама

ашық дереккөзі

Алдағы демалыста көріңіз: ТОП-5 дорама

Оңтүстік Корея мемлекеті кино саласында ай сайын көрерменін жаңа туындылармен қуантып жатыр. Уақыт өткен сайын актерлік құрам, монтаж, киноны бояуда даму байқалады. Назарларыңызға кейінгі екі айда жарыққа шыққан ерекше дорамалар топтамасын ұсынамыз. Пандора (16 бөлім) Рөлдерде: Ан Нэ Сан, Ли Сан Юн, Ли Чжи А, Пак Ки Ун, Чан Хи Джин. Пе Джэ Хен – талантты ғалым. Ол достарымен миға кез келген деректерді тікелей енгізуге мүмкіндік беретін революциялық медициналық құрылғы ойлап табады. Құрылғы сынақтан өтіп, мақұлданғаннан кейін, ол өзінің кандидатурасын президенттікке ұсынады. Бірақ Пе Джэ Хеннің апаттан кейін есте сақтау қабілетін жоғалтқан жұбайы бар. Естеліктер есіне түсе бастағанда қыз өз мәселелерін шешіп, отбасын құтқарады. Оның өткенінде қандай құпиялар жасырылған? Бұл күйеуінің жұмысымен және достарымен болған оқиғалармен қалай байланысты? Бора! Дебора (14 бөлім) Рөлдерде: Чу Сан Ук, Ю Ин На, Юн Хён Мин. Дебора – қарым-қатынас тақырыбында жазатын жазушы. Ол романтиканы дәріптейді және жастарға алғашқы таныстық кезінде өзін ұстау туралы нұсқау береді. Алайда өзі әлі тұрмыс құрмаған және жігіттермен сөйлесе алмайды. Бірде ол баспагер Ли Су Хекпен жұмыс істейді. Бірақ жазушының жұмысына көңілі толмайды. Сөйтіп жүргенде олар бірге уақыт өткізіп, күтпеген жерден жақындасып кетеді. Осылайша екеуінің де өмірге деген көзқарастары өзгереді. Қара рыцарь (6 бөлім) Рөлдерде: Исом, Кан Ю Сок, Ким Ки Бан, Ким У Бин, Сон Сын Хон, Чжин Гён. Дорамада кометаның жермен соқтығысқан, көптеген континент су астында қалған және Корей түбегі шөлге айналған уақыт баяндалады. Оқиға салдарынан тірі қалғандар аз және олар бір-бірімен жиі қақтығысатын түрлі топтарға бөлінген. Олардың арасында арнайы курьерлер бар. Олар оттегі мен тамақ жеткізеді, босқындармен күреседі және шөлді аралайды. Бір күні аты аңызға айналған рыцарь өзіне ұқсауды армандайтын Са Воль деген босқынмен кездеседі. Осы кездесуден кейін курьер түрлі шытырман оқиғаларға тап болады.