400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?
400 тұрғыны бар ауыл төрт жүз мың туристі қалай шақырды?
Оңтүстік Кореяның «Аварийная посадка любви» сериалының мыңдаған жанкүйері Швейцарияның Изельтвальд ауылына ағылып келуде. Статистикаға сүйенсе, ауылға бір жергілікті тұрғынға шаққанда мың туристен келеді.
«Изельтвальдтағылардың барлығы туристердің көптеп келуіне қуанышты. Себебі бұл жерде тұрғындардың басым бөлігі туризмді кәсіпке айналдырған. Ауыл тұрғындары да туристердің келуіне үйреніп қалған. Шетел азаматтары көбіне жаз мезгілінде келеді. Бірақ соңғы уақытта қыста да келушілердің саны артқан», - деді Вайланд.
Изельтвальдтың романтикалық тартымдылығы неде?
Сериалда көрерменнің жүрегін елжіреткен бір көрініс бар. Ол жерде судың жағасында басты рөлдегі азамат фортепианода ойнайды. Дәл сол сәт Швейцарияның Изельтвальд ауылында түсірілген.