Жаңалықтар

Есірткімен ұсталған жұлдыздарды қалай жазалайды?

ашық дереккөзі

Есірткімен ұсталған жұлдыздарды қалай жазалайды?

Күні кеше танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал шетелде шоу бизнес өкілдері мас күйінде және есірткі тасып жүріп ұсталса қандай жаза қолданады? Көрнекті мысалдардың бірі – америкалық актриса Пэрис Хилтон. 2006 жылдың қыркүйегінде Пэрис Хилтон мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталды. Сот шешімімен оған 1150 доллар айыппұл салып. Сондай-ақ 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2007 жылы актриса тағы да мас күйінде көлік жүргізгендігі үшін 45 тәулікке қамауға алынған. [caption id="attachment_225769" align="alignnone" width="1205"] Фото:mavink.com[/caption] Актриса Линдси Лохан есірткі сақтағаны үшін және мас күйінде көлік жүргізуіне байланысты заң алдында бірнеше рет жауап берді. Мысалы 2007 жылы ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 күнге қамауға алынды. Сондай-ақ 10 күн қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оның ішінде 2 күнді белгілі актриса мәйітханада өткізуі тиіс еді. Бірақ актриса шартты орындамаған. Сондықтан ол тағы да 90 тәулікке қамауға алынды. [caption id="attachment_225771" align="alignnone" width="1205"] Фото:YouTube[/caption] «Один дома» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Маколей Калкин 2004 жылы тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін қамауға алынды. Бірақ 4 мың доллар кепілдікпен босатылды. [caption id="attachment_225773" align="alignnone" width="1205"]