Жаңалықтар

Абай, Шәкәрім мұрасын Tik-Tok арқылы дәріптейміз – Ерлан Саиров

ашық дереккөзі

Абай, Шәкәрім мұрасын Tik-Tok арқылы дәріптейміз – Ерлан Саиров

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Tik-Tok желісінің вице-президенті Такуа Ямагасимен кездесті деп хабарлады turkystan.kz.

Саировтың сөзінше, Tik-Tok әлеуметтік желісінің вице-президенті платформада қазақ мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосады.

«Ямагаси мырзамен осы Tik-Tok-та қазақтың мәдени брендін дамыту мәселесін қарап отырмыз. Яғни, Қозы-Көрпеш Баян сұлу, Абай мен Шәкәрімнің мұрасын дүние жүзіне осы Tik-Tok арқылы дамыту жолдарын ақылдасып отырмыз. Ямагаси мырза қазақтың мәдениетін Tik-Tok-та дамытуға өзінің үлесін қосатынын айтып отыр. Сонымен қатар біз осы Қазақстандағы Tik-Tok-ты одан әрі қарай дамытудың жан-жақты тәсілдерін қарастырдық. Ең негізгісі осы Tik-Tok-та қазақтың мәдениетінің реңі болуы керек», - деді Ерлан Саиров.