Жаңалықтар

«Шекарадан асып кеттік» – ғалымдар адамзатқа төнген қауіп жайлы айтты

ашық дереккөзі

«Шекарадан асып кеттік» – ғалымдар адамзатқа төнген қауіп жайлы айтты

«Планетааралық шекара» деп атап кеткен шекараның бәрінен өтіп кеттік. Жер бетіндегі тіршілік «аса қауіпті» аймаққа өтті деп мәлімдеді ғалымдар өздерінің баяндамасында. Бұл туралы turkystan.kz Euronews басылымына сілтеме жасап баяндады. Жаңа зерттеуге сүйенсек, біз ғылым енгізген «планетааралық шекараның» сегіз қағидасының жетеуін бұзып жібердік. Қазір жердегі экожүйе аса қауіпті жағдайда тұр. Қазір біз планетаның жылыну климатын айтпағанда, табиғи жерлерінен айырылып жатқан «аса қауіпті аймақта» тұрамыз. Бұдан бөлек, жер бетіндегі адамзат тіршілігі де бар. Әр елден жиналған 40-қа жуық ғалым «қорғаныс қоршаулары» дейтін Жердің экожүйесіне зерттеу жасады. Алғашы рет зерттеуге «әділеттілік» деген көрсеткіш қосылып, ол өзге елдердегі, этностар мен жыныстар арасындағы зиянды шығындардың алдын алуға бағытталды. [caption id="attachment_225758" align="alignnone" width="1920"] Кенияның солтүстігіндегі ауылдардың бірі[/caption] Температура 1 градусқа көтерілсе де шығын бар Баяндамада Париж климаттық келісімінде ел басшылары тіркеген индустрияға дейінгі дәуірмен салыстырғанда 1,5 градус цельсий бойынша бірдей жылыну көрсеткіші қолданылады. Рокстремнің айтуынша, бүгінгі күні жаһандық жылыну шамамен 1,1 градусқа келді, яғни біз бұл қауіпсіз шекараны әлі кесіп өткен жоқпыз, бірақ бұл адамдар зардап шекпейді дегенді білдірмейді. Экология денсаулық сақтау профессоры және Джордж Вашингтон университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Линн Голдман бұл зерттеуді «өте батыл» деп санайды, бірақ ол үлкен шешімдерді қабылдауға әсер ете қоймайды деп сенеді.