Жаңалықтар

Аманаттықтар Абай облысына 126,5 тонна гуманитарлық көмек жинады

ашық дереккөзі

Аманаттықтар Абай облысына 126,5 тонна гуманитарлық көмек жинады

«AMANAT» партиясының мүшелері Абай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындарға, сондай-ақ апаттың алдын алып жатқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бас-аяғы 5 күнде еліміздің бірқатар өңірінде 126,5 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Оның ішінде: азық-түлік, су, дәрі-дәрмек, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жеке бас гигиена заттары, жанар-жағармай және т.б. қажетті заттар бар. «Еріктілеріміз күндіз-түні ауысыммен жұмыс істеп жатыр. Көмек көрсетуге ынталы жастар бірнеше күн бойы ұйықтамай еңбек етуде. Қосып жатқан үлесіміз апаттың алдын алуға сеп болады деген сенімдемін. Тұрғындар өз үйіне, байырғы өміріне оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек», – деді «Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаев. Айта кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы жанынан гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылған еді. Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының депутаттары Нұртай Сабильянов, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай және Самат Нұртаза өрттен зардап шеккен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, өрт сөндірушілермен кездесті.