Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына барды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Абай облысына барды
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің төрайымы Динара Зәкиева Абай облысына келді деп хабарлады turkystan.kz «AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Абай облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаты, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Эльзира Жүнісовамен бірге Бородулиха ауданына, Жерновка, Успенко ауылдарына барып, орман өрті кезінде қаза тапқандардың отбасына, туыстарына көңіл айтты.
Кездесу барысында Динара Зәкиева жақындары табиғи апат кезінде қаза тапқан балалардың жағдайы үнемі бақылауда болатындығын жеткізді.
«111 – жедел қызмет» байланыс орталығына хабарласып, балалардың құқығы бұзылған кез-келген жағдайда, балалардың, отбасы мен әйелдердің құқықтарын қорғауға байланысты барлық мәселелер бойынша жүгініп, көмек алуға болатынын айтып өтті.