Жаңалықтар

15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

ашық дереккөзі

15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы Қарасай ауданындағы 15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Біраз соттастық. Осыдан алты күн бұрын бұрынғы білім ошағын сатып алған кәсіпкер өз еркімен ғимаратты Үкіметке қайтарып берді», – деді әкім. Еске салсақ, Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткен. Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай Мәжіліс отырысында мәлімдеді. Депутат Алматы облысының әкіміне мектепті тез арада мемлекетке қайтару керектігін айтып, екі ай уақыт берген еді.