Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын иеленді

14 маусым, 2023 / Ақмарал Берекет
ашық дереккөзі
Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын иеленді Шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz qazsport-қа сілтеме жасап.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 1 аптаға созылған Азия біріншілігінде 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды.

Әзірге ең көп лицензияны алған ТОП-5 мемлекет:

1. Франция — 366

2. АҚШ — 131

3. Ұлыбритания — 64

4-5. Аустралия — 45

4-5. Жапония — 45