Жаңалықтар

Қазақстандағы киелі 5 мекен

ашық дереккөзі

Қазақстандағы киелі 5 мекен

Аңызға бай қазақтың жерінде киелі мекендер өте көп. Олар жеткілікті дәрежеде зерттеліп, дәріптелмегендіктен, көбісінен халқымыз бейхабар. Осы ретте еліміздегі ең киелі деген 5 мекеннің тізімін назарларыңызға ұсынамыз. Қоңыр әулие үңгірі Шығыс қазақстан облысы Абай ауданы Тоқтамыс ауылынан 20 км жердегі Ақтас тауындағы үңгір. Орташа ауа температурасы +10 °C дейін. Тереңдігі 5 метр болатын тұщы су бар. Судың температурасы +4 °C (қысы-жазы өзгермейді). Кіреберісі өте тар. Биіктігі 3-9 метр, ал ұзындығы 115-120 метр. Үңгір мен көл суы жергілікті тұрғындар арасында қасиетті болып саналады. Тұрғындардың аңыздары бойынша, олардың ата-бабалары мұнда шайқас кезінде жараларын сауықтырған. Сондықтан ел арасында көлдің емдік қасиеті бар және шипалы дейді. Тау етегінде бірнеше күнге қалатын адамдарға үй де бар. Жылаған ата үңгірі мен бұлағы Түркістан облысы Қаратаудың етегінде орналасқан. Түркістан қаласынан 80 шақырымдай жерде. Құран оқығанда үңгірден су аға бастайды. Кейде дұға оқи бастаған соң су бірден ақса, кейде апта бойы ақпай қояды. Үңгір аузының биіктігі 3-4 м, тереңдігі 50-60 м шамасында. Жергілікті халықтың айтуынша, бұл – Жылаған атаның аққан көз жасы. Бұл жайында халық арасында тараған аңыз бар. Үңгірге барар жолдың тау басында құдық орналасқан. Құдықты қазіргі уақытта да малшылар пайдаланып келеді. Оның оң жағында кішігірім кесене салынған. Таңбалы тас Таңбалы тас Бетбақдала сахарасының ортасында, ұзыннан созылған таңбалы жартас. Сарысу өзенінен 20 шақырымдай жоғары, қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, биік Нұраның іргесінде орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Таңбалы тас жазуында мыңнан астам таңбалар бар. Таңбалы  тастағы таңбаларды Қазақстан жерін мекендеген тайпалар жазған. Ел басқарушылардың қол қойған аттары мен ұрандары бар. Тасқа қашап түсірген әдемі оюлар, «қошқар мүйіз», «түйе табан», «кісінің ізі», «аттың ізі» және тағы да басқа таңбалар көп кездеседі. Таңбалы тастың зор атаққа ие болу себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жері. Сондықтан бұл Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған.