Жаңалықтар

Өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

ашық дереккөзі

Өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшы Сергей Архиповтың денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Қаралы хабарды тракторшының өгей қызы Әлмира Баймұхамет жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, 1987 жылы туған Сергей Архипов 9 маусым күні өзінің тракторымен Каштак ауылына өрт сөндіруге барған. Сол күні ер адаммен байланыс үзілген.