Жаңалықтар

Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?

ашық дереккөзі

Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?

Журналистер Үкімет кулуарында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға Абай облысындағы өртке байланысты сұрақ қойды деп хабарлады turkystan.kz. «Абай облысы құрылғанға дейін өңірді Даниал Ахметов басқарды. Оның жауапкершілігі тексеріле ме?» – деп сұрады журналистер.  Роман Скляр бұл сауалға: - «Семей орманы» қорығы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында. Бұл оның құзыретіне кірмейді», – деп жауап берді. Сонымен қатар ол бұл оқиғаға Премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты.