Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуде

ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Абай облысында өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуде

«AMANAT» мүшелері Абай облысындағы қайғылы оқиғаның алғашқы сағатынан-ақ жергілікті тұрғындарға көмек көрсетіп жатыр.

Өңірге «Жастар Рухының» 250-ден астам волонтері келді.

Шығыс Қазақстан облысының мәслихатындағы «AMANAT» депутаттық фракциясының жетекшісі Тұрарбек Әзекеновтің бастамасымен «Семей орманы» орман шаруашылығының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына материалдық көмек ретінде «Қазмырыш» АҚ 1 млн теңгеден бөледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы партиялықтар да шет қалмай, 5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтті. Бұл – жеке бас гигиена заттары, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар, азық-түлік пен дәрі-дәрмектер.

Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының депутаттары Нұртай Сабильянов, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай және Самат Нұртаза Абай облысында өрттен зардап шеккен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, өрт сөндірушілермен кездесті. Талица ауылындағы өрт сөндірушілермен жүздесу кезінде халық қалаулылары осы сала қызметкерлерінің материалдық-техникалық базасын, еңбек жағдайын және әлеуметтік қамсыздандыруды жақсартудың өзекті мәселелерін талқылады. Олар құтқарушыларды өрт сөндіру техникасының тапшылығы мен тозығы жетуі мәселесі партияның ерекше бақылауына алынып, жақын арада тиісті шешімін табатынына сендірді.