Жаңалықтар

Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды

ашық дереккөзі

Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды

Талдықорғанның білім саласын басқарған Роза Барманованың денесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды деп хабарлады turkystan.kz. Өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр. «Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қаратал өзенінен табылды. Факт қала полициясында ресми түрде тіркелді. Тиісті тексерулер бекітілді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Өлімге не себеп болғаны анықталады», –  деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті. Естеріңізге сала кетсек, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2022 жылдар аралығында басқарған.