Бұл белгілерді байқасаңыз, емделіңіз – бүйрек аурулары
Бұл белгілерді байқасаңыз, емделіңіз – бүйрек аурулары
Бүйрек ағзадағы негізгі фильтр қызметін атқарады. Сау бүйрек тәулігіне қанды 300 рет тазалауға қауқарлы. 24 сағат артық сұйықтық пен зат алмасудан қалған токсиндерді шығарып отырады.
Бүйрек қалай жұмыс істейді?
Адам ағзасында дененің салмағына байланысты 4-6 литр қан айналады. Күн сайын шамамен 1500 литрге жуық қан бүйрек арқылы өтеді және шамамен бір миллион микроскоптық сүзгіштер арқылы тазартылады. Аталған сүзгіштерді «нефрондар» деп атайды. Көпшілігінің бүйрек ауру себебі нефрондардың зақымдалуынан болады.
Ісу, бас ауру мен шаршаудың өзі алғашқы белгілері екенін біле бермейміз. Бүйрек аурулары көбінесе білінбей жүріп, пайда болады. Бүйрек ауруларының негізгі белгілері:
Белдегі ауырсыну;
Созылмалы шаршағыштық;
Бастың ауруы немесе бас айналу (токсиндер бүйректе залалсызданбағандықтан мидың жұмысына әсер етеді)
Ісіну (тұрақты қайтпайтын ісіну. Көз асты, аяқ және т.б.);
Артериялық қысым жоғары болуы.
Терінің құрғап қышуы мен бөртпелердің пайда болуы.
Бүйрекке пайдалы көкөністер мен жемістер:
Қарбыз, жүзім, асқабақ, қаражидек, мүкжидек, итмұрын, қияр, бүлдірген, тəтті бұрыш, қырыққабат, алма.
Дұрыс жұмыс істеуі үшін:
Дұрыс тамақтану. Қақталған, қуырылған, ащы, майлы тағамдардан бас тартыңыз.
Таза су ішу. Тәулігіне 1,5-2 л су ішіңіз, ол бүйректің зиянды токсиндерді тезірек шығаруына септігін тигізеді. Суды бірден көп мөлшерде ішпеңіз және түнгі уақытта аз қабылдаңыз. Көп мөлшерде кофе мен алкоголь ішу тастың пайда болуына әсер етеді.
Салқын тигізіп алмау. Суық күндері аяғыңыз тоңып қалмауын қадағалаңыз. Жылы киініңіз.
Спортпен айналысыңыз. Физикалық белсенділік бүйректің саулығын ғана емес, барлық дене мүшелерімізге пайдасы көп.