Жаңалықтар

«Табиғи факторлар қатты әсер етіп жатыр»: Ринат Зайытов Абай облысындағы ахуал жайлы

ашық дереккөзі

«Табиғи факторлар қатты әсер етіп жатыр»: Ринат Зайытов Абай облысындағы ахуал жайлы

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Абай облысындағы ахуал туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. «Біз Абай облысындағы жағдайды өз көзімізбен көріп, бақылау үшін барған едік. Түнде қайтып келдік. Өрт ауыздықталды, тоқтатылды деп айта алмаймыз. Ол жерге техникалық көмек көп қажет. Желдің тоқтамауы мен жаңбырдың болмауы сынды табиғи факторлар да қатты әсер етіп жатыр. Тек AMANAT  партиясы ғана емес, жергілікті халықтың белсенділігі, көшірілген халыққа көмек көрсету сынды іс-әрекеттер ретке келтірілген. Барлығы қалыпты жоспар бойынша жұмыс істеп жатыр», - деді Ринат Зайыов. Депутат атағандай, басты мәселе – отты ауыздықтау және тоқтату. «Осы жағынан келгенде сұрақ өте көп. Қалай тоқтатады? Қашан тоқтатады? Қазірдің өзінде «Семей орманы» резерватының 10 пайызына дейінгі аумағы өртеніп жатыр. Кеше біз болған Талица деген ауылға түнде от барған. Бұлақ деген ауылды түтін жайлаған соң адамдарды көшірген. Қазіргі ахуалы осындай болып отыр», - деді Ринат Зайытов.